Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ақтөбедегі алапат өрттен туды алып шыққан құтқарушылар ерлігімен көзге түсті

Құтқарушылар Ақтөбедегі жанып жатқан әкімдік ғимаратының шатырынан Қазақстанның туын алып түсті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алапат өртті сөндіріп, жалынды оқшаулау кезінде құтқарушылар шатырға көтеріліп, мемлекеттік туды түсіріп, оның зақым

By Айғаным Нариманова··1 min read
Ақтөбедегі алапат өрттен туды алып шыққан құтқарушылар ерлігімен көзге түсті
Құтқарушылар Ақтөбедегі жанып жатқан әкімдік ғимаратының шатырынан Қазақстанның туын алып түсті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алапат өртті сөндіріп, жалынды оқшаулау кезінде құтқарушылар шатырға көтеріліп, мемлекеттік туды түсіріп, оның зақымдануының алын алды.
“Қауіпті жағдай мен тілсіз жаумен күрес кезінде де құтқарушылар елдің абыройы мен оның рәміздері әрдайым құрметке лайық екенін дәлелдеді”, – деп жазды еліміздің Төтенше жағдай министрлігі.
Желі қолданушылар өрт сөндірушілердің ерен еңбегін атап өтіп, көзсіз ерлігі үшін мақтауын асырды.
“Өмірін шүберекке түйіп, қай мезгіл, қай уақытта болмасын өз міндеттерін тиянақты атқаратын осы азаматтар”, “Расында да, өрт сөндіруші мамандығы – тек батыл әрі қайсар жандар үшін! Алла оларға денсаулық, сәттілік және әрқашан амандық берсін”, “Өз басын қатерге тіккен құтқарушыларға мың алғыс”, “Тілсіз жау-өртпен арпалысып жүрген қызметкерлердің айлығын көтеру керек”, “Жарайсыңдар, жігіттер”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Related

Ақтөбедегі алапат өрттен туды алып шыққан құтқарушылар ерлігімен көзге түсті · Todayinfo