Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ақтөбеге шұғыл қонған Nordwind ұшағында жолаушы көз жұмды

27 мамыр күні Nordwind Airlines әуе компаниясының Екатеринбург–Сочи бағытындағы рейсі шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонды, деп хабарлайды Todayinfo. Ұшу барысында борттағы жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініп, кейін қайтыс болғаны анықталды. Қайтыс болған азаматтың кім екені әзі

By Айғаным Нариманова··1 min read
Ақтөбеге шұғыл қонған Nordwind ұшағында жолаушы көз жұмды
27 мамыр күні Nordwind Airlines әуе компаниясының Екатеринбург–Сочи бағытындағы рейсі шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонды, деп хабарлайды Todayinfo. Ұшу барысында борттағы жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініп, кейін қайтыс болғаны анықталды. Қайтыс болған азаматтың кім екені әзірге нақтыланбады. Жедел жәрдем қызметі әуежайға шақырылғанымен, өкінішке қарай, медициналық көмек көрсету мүмкін болмады. Қазіргі уақытта ұшақ Ақтөбе халықаралық әуежайында тұр. Рейстің қайта ұшатын уақыты белгісіз. Жолаушылар әуе кемесінде күтіп отыр. Оқиғаның мән-жайын тиісті органдар анықтап жатыр.  

Related

Ақтөбеге шұғыл қонған Nordwind ұшағында жолаушы көз жұмды · Todayinfo