Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ардақ Назаров ажырасқан азаматтарға қосымша салық салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров елімізде некенің бұзылу деңгейі алаңдатарлық екенін айтып, ажырасу санын азайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстарын жария етті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Статистикалық дерекке сәйкес, 2023 жылы тіркелген 120,8 мың неке болса, соны

By Айғаным Нариманова··1 min read
Ардақ Назаров ажырасқан азаматтарға қосымша салық салуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров елімізде некенің бұзылу деңгейі алаңдатарлық екенін айтып, ажырасу санын азайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстарын жария етті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Статистикалық дерекке сәйкес, 2023 жылы тіркелген 120,8 мың неке болса, соның 40,2 мыңы ажырасумен аяқталған. Депутаттың айтуынша, ажырасу рәсімін оңай әрі қолжетімді ету — қазіргі жағдайдың басты себептерінің бірі. Осыған байланысты ол: Ажырасу кезінде төленетін мемлекеттік баж салығын көбейту; Ресми түрде ажырасқан тұлғалар үшін табыс салығын арттыру сынды шараларды ұсынды. Ардақ Назаров той жасау үшін несие алуға қарсы ақпараттық науқан өткізуді де ұсынды. Оның пікірінше, жас отбасылар қаржылық тұрақсыздыққа тап болып, бұл ажырасуға әсер етуі мүмкін. Ол бұл шараларды жүзеге асыру үшін:
«Қоғам қайраткерлерін, дін өкілдерін, БАҚ пен блогерлерді тарту қажет», – деп атап өтті.

Related

Ардақ Назаров ажырасқан азаматтарға қосымша салық салуды ұсынды · Todayinfo