Todayinfo.kz
World

Аризонадағы апат: АҚШ-та жол көлік оқиғасына ұшыраған қазақтың қос қызы өлім аузында жатыр

  Фото: instagram/ arailym_amerika АҚШ-тың Аризона штатында қазақтың екі қызы — Арайлым Махмұдқызы мен Оразгүл Қанлыбай ауыр жол апатына ұшырады. Қазіргі уақытта зардап шегушілер Нью-Мексико штатындағы Альбукерке қаласының госпиталінде жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлай

By Әмірболат Құсайынұлы··2 min read
Аризонадағы апат: АҚШ-та жол көлік оқиғасына ұшыраған қазақтың қос қызы өлім аузында жатыр
  Фото: instagram/ arailym_amerika
АҚШ-тың Аризона штатында қазақтың екі қызы — Арайлым Махмұдқызы мен Оразгүл Қанлыбай ауыр жол апатына ұшырады. Қазіргі уақытта зардап шегушілер Нью-Мексико штатындағы Альбукерке қаласының госпиталінде жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Белгілі болғандай, қыздар Аризона штатында әуежайға бара жатқан жолда үлкен трассада апатқа түскен. Апат туралы ақпарат Оразгүлдің телефонындағы автоматты «Crash Detected SOS» жүйесі арқылы жеткен. iPhone спутник арқылы жедел жәрдем қызметіне және қыздың сіңілісіне хабарлама жолдаған. Құтқарушылар тобы зардап шеккендерді тікұшақпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Арайлым Махмұдқызы мен Оразгүл Қанлыбай — психолог Балқия Балтабай негізін салған «Көркем» орталығының атқарушы директоры мен топ-менеджері болып қызмет еткен, қоғамда белсенді, білімге құштар жастар. Олар Америкаға тіл үйреніп, білімін жетілдіру мақсатында кеткен. Арайлым мен Оразгүл Қазақстандағы үш ірі мешіттердің құрылысына және рухани бестселлерге айналған кітаптардың жарық көруіне үлкен үлес қосқан. Қазіргі таңда Арайлым әлі есін жимаған, жағдайы өте ауыр. Ал Оразгүлге 4 ота жасалған, алда тағы 2 ота жоспарланған. Америкадағы медициналық қызметтің тым қымбаттығына байланысты зардап шегушілердің туыстары мен жақындары көмек сұрап, ресми түрде қаражат жинауды бастады. Зардап шеккен Арайлымның туған әпкесі Әйгерімнің реквизиттері арқылы қаржылай көмек көрсетуге болады: KASPI BANK 4400 4303 9654 4451 AIGERIM MAKHSUTOVA 87076027070 Әйгерім М. HALYK BANK 4003 0351 9705 1647 AIGERIM MAKHSUTOVA 87076027070 Әйгерім М. BANK CENTER CREDIT 4899 9333 7286 2068 AIGERIM MAKHSUTOVA 87076027070 Әйгерім М. Ақпарат: qaz365.kz

Related