«Ұрланған мүлікті С.Н.Ким өз бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» ЖШС және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырған. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған. Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.
«АрселорМитталТеміртау» мүлкін жымқырды деген күдікпен С.Ким ұсталды
Фото: kapital.kz Қаржылық мониторинг агенттігі («Qarmet» құқықтық мирасқоры болып саналатын) «АрселорМитталТеміртау» АҚ мүлкін жымқыру ісі бойынша «АлбаСтройДор» ЖШС-нің директоры С.Г.Кимге қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ведомство БА

Фото: kapital.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі («Qarmet» құқықтық мирасқоры болып саналатын) «АрселорМитталТеміртау» АҚ мүлкін жымқыру ісі бойынша «АлбаСтройДор» ЖШС-нің директоры С.Г.Кимге қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство БАҚ өкілдерінен қойылған сауалға жауап ретінде арнайы мәлімдеме жасады.
2015 жылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ мен «АлбаСтройДор» ЖШС арасында қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығынсыз домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған. Алайда С.Г.Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған.
Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы – «Күзет» ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·