«Астана—Нью-Йорк» рейсін ашу неге ондаған жылға созылды - министр жауабы
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында Көлік министрі Марат Қарабаев "Астана-Нью-Йорк" әуе рейсін ашу неге он жылдық уәдеге айналғанын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform. «Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Оған екі себеп бар. Біріншіден, „Эйр Астананың“ өзі т

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында Көлік министрі Марат Қарабаев "Астана-Нью-Йорк" әуе рейсін ашу неге он жылдық уәдеге айналғанын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.
«Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Оған екі себеп бар. Біріншіден, „Эйр Астананың“ өзі тікелей ұшуға мүмкіндік алуы және ұшақ сатып алу мәселесі бар. Ол бойынша „Эйр Астана“ келісімшартқа отырды. Өздеріңізге мәлім, кез келген ұшақты сатып алса, келісімшартқа отырған соң ол ең аз дегенде 3 жылда әзірленеді. Ол ұшақ 2025 жылы дайын болады. Сондықтан 2025 жылға жоспарлап отырмыз», — деді ведомство басшысы.
Оның сөзінше, «Эйр Астана» әлі АҚШ тарапының сертификатын алмаған.
«Екінші мәселесі, мұндай рейс ашқанда біздің „Эйр Астана“ америкалықтар тарапынан сертификациядан өтуге тиіс. Сертификацияға басқа компанияларды тартпай, "Эйр Астана" өзіміз аламыз деп отыр", — деді министр.
Related

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·