Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанада балабақша қызметкері бүлдіршіндерді ұрғаны үшін жұмыстан қуылды

Астанадағы мемлекеттік балабақшалардың бірінде қызметкердің бүлдіршіндерге күш көрсеткен сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Egov.Press Telegram арнасында жарияланған бейнежазбада тәрбиеші көмекшісінің жерде отырған баланы бі

By Айғаным Нариманова··1 min read
Астанада балабақша қызметкері бүлдіршіндерді ұрғаны үшін жұмыстан қуылды

Астанадағы мемлекеттік балабақшалардың бірінде қызметкердің бүлдіршіндерге күш көрсеткен сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Egov.Press Telegram арнасында жарияланған бейнежазбада тәрбиеші көмекшісінің жерде отырған баланы бірнеше рет ұрып, кейін диванда отырған екінші балаға да күш көрсеткені анық көрінеді.

«Ата-аналар бұл жағдайдың бір реттік емес екенін, мұндай әрекеттер жиі қайталанатынын айтып отыр», – делінген жазбада.

H2: Қызметкер еңбек тәртібін өрескел бұзған

Астана қалалық Білім басқармасы бейнебақылау жүйесіндегі жазбаларды қарап, қызметкердің әрекетін растағанын мәлімдеді.

«Тәрбиеші көмекшісінің бүлдіршінге күш көрсеткені дәлелденді. Ол еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Related

Астанада балабақша қызметкері бүлдіршіндерді ұрғаны үшін жұмыстан қуылды · Todayinfo