Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанада халықаралық мектептің бұрынғы басшылары 900 млн теңгеден астам қаржы жымқырды

Астана қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті қала әкімдігіне қарасты «№81 Astana English School халықаралық мектебі» КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр,деп хабарлайды Todayinfo . Тергеу Астана қаласы ҰҚК департаментімен бірл

By Айғаным Нариманова··1 min read
Астанада халықаралық мектептің бұрынғы басшылары 900 млн теңгеден астам қаржы жымқырды

Астана қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті қала әкімдігіне қарасты «№81 Astana English School халықаралық мектебі» КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр,деп хабарлайды Todayinfo.

Тергеу Астана қаласы ҰҚК департаментімен бірлесіп жүргізіліп, нәтижесінде мекеменің бұрынғы директоры мен бас бухгалтерінің аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер 900 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген.

Аталған соманың бір бөлігі – дайындық сыныптарына және жазғы лагерьге қабылданған балалардың ата-аналарынан қолма-қол жиналған қаражат. Алайда бұл ақша ресми шоттарға түспей, жеке мақсатта пайдаланылған. Сонымен қатар, мектепте жұмыс істемейтін, жалған түрде рәсімделген тұлғалар атына 16 миллион теңгеге жуық қаражат аударылған. Бұл тізімде күдіктілердің туыстары да бар.

Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық жолмен алынған табыстарға жалпы құны 382 миллион теңге болатын мүлік: коттедж, екі пәтер және автокөлік сатып алғаны анықталды. Соттың санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынған.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеуге қатысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Related

Астанада халықаралық мектептің бұрынғы басшылары 900 млн теңгеден астам қаржы жымқырды · Todayinfo