Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанада LRT пойызы 80 км/сағ жылдамдықпен жүрді: желі көктемде іске қосыла ма?

Астанада LRT пойызы алғаш рет ең жоғары жылдамдықпен сынақтан өтті. Пойыз сағатына 80 шақырымға дейін жылдамдады. Желі көктемде іске қосылады.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Астанада LRT пойызы 80 км/сағ жылдамдықпен жүрді: желі көктемде іске қосыла ма?

Астанада LRT пойызы алғаш рет жобада көрсетілген ең жоғары – сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүріп өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Сынақ «Әуежай» станциясы мен «Нұрлы жол» вокзалы аралығында өтті. CTS компаниясының мәліметінше, пойыздың қозғалысын қамтамасыз ететін басқару, байланыс және белгі беру жүйелері мінсіз жұмыс істеп тұр.

Бұл тестілеу инфрақұрылымның толыққанды пайдалануға дайын екенін растады. Бұған дейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек жеңіл рельсті көліктің осы көктемде іске қосылатынын мәлімдеген болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Астанада LRT пойызы 80 км/сағ жылдамдықпен жүрді: желі көктемде іске қосыла ма? · Todayinfo