Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанада президент аппаратының алдына жиналған Ақнәр Хамит пен Мерлан Сананың анасын полиция ұстап әкетті

Қазақстандық заңгер Инга Иманбай жұмбақ жағдайда көз жұмған жасөспірімдер Адель Ақанова, Сана Мерлан мен Ақнәр Хамит аналарын полиция ұстап әкеткенін жазды. Әділет пен шындық іздеген ата-ана президент Аппаратының кеңсесі ғимаратының маңына жаиналған, деп хабарлайды Todayinfo

By Айғаным Нариманова··1 min read
Астанада президент аппаратының алдына жиналған Ақнәр Хамит пен Мерлан Сананың анасын полиция ұстап әкетті
Қазақстандық заңгер Инга Иманбай жұмбақ жағдайда көз жұмған жасөспірімдер Адель Ақанова, Сана Мерлан мен Ақнәр Хамит аналарын полиция ұстап әкеткенін жазды. Әділет пен шындық іздеген ата-ана президент Аппаратының кеңсесі ғимаратының маңына жаиналған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Полиция марқұмдардың аналарын рұқсатсыз жиналғаны үшін ұстап әкеткен.
“Әйелдер балаларының қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша объективті әрі тәуелсіз тергеу жүргізуді талап етіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұжымдық өтініш тапсырмақ болған. Алайда олар ғимаратқа кіріп үлгермеген, өтініш қабылданбады. Аналарды белгісіз бағытқа алып кеткен. Назар аударамыз: бұл жағдай наразылық акциясы емес. Бұл – Конституцияда көзделген Президентке жүгіну құқығын жүзеге асыруға жасалған әрекет”, – деп жазды заңгер өзінің желідегі парақшасында.
Қалалық полицияның мәліметінше, аналар Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізілген.
“Рұқсат етілмеген жиын өткізгені үшін үш әйел полицияға жеткізілді. Аталған азаматтармен бейбіт жиындарды өткізу тәртібіне байланысты қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ полиция басқармасына өзін журналист ретінде таныстырған, алайда мұны растайтын құжаттары болмаған ер адам жеткізілді”, – деп мәлімдеді полиция.
Ер адамның жеке басы анықталғаннан кейін ол босатылған. Еске салайық, 2022 жылдың мамырында 16 жастағы Адель Ақанова Алматыда өз үйінің маңында дарға асылып тұрған күйі табылған еді. 2024 жылы шілде айында Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің 7-қабатынан 22 жастағы Ақнәр Хамитова құлап қайтыс болған еді. Марқұмның анасының айтуынша, қызы өзі құлаған жоқ. “Қызымды тырнағы мен саусағын жұлып, азаптап өлтірген” дейді ол.

Related

Астанада президент аппаратының алдына жиналған Ақнәр Хамит пен Мерлан Сананың анасын полиция ұстап әкетті · Todayinfo