Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Астанада спортты дамыту дирекциясының басшылары 40 млн теңге ұрлаған

Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы «Олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту дирекциясы» ҚММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. 2021-2022 жылдары ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюд

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Астанада спортты дамыту дирекциясының басшылары 40 млн теңге ұрлаған
Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы «Олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту дирекциясы» ҚММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. 2021-2022 жылдары ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.
«Іс жүзінде жиындар өткізілмеген, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырған. Заңсыз әрекеттен мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады», - деп хабарлады агенттік.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.  ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Related

Астанада спортты дамыту дирекциясының басшылары 40 млн теңге ұрлаған · Todayinfo