Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанада сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді

Астанада алғаш рет 21 жасқа дейінгі есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді. Турнирге Қазақстан, Бразилия, Украина, Оман, Иран, Азербайджан, Таджикистан, Таиланд, Сауд Арабия және Өзбекстан командалары қатысып, бақ сынайды. Байрақты бәс

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Астанада сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді
Астанада алғаш рет 21 жасқа дейінгі есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді. Турнирге Қазақстан, Бразилия, Украина, Оман, Иран, Азербайджан, Таджикистан, Таиланд, Сауд Арабия және Өзбекстан командалары қатысып, бақ сынайды. Байрақты бәсекенің ашылуы салтанаты мен ұлттық құраманың алғашқы ойыны 1-ші маусымда елордалық «Жекпе-жек сарайында» өтеді. Чемпионат 10-шы маусымға дейін жалғасады. Сурдо футзалдан әлем чемпионаты – елімізде есту қабілеті зақымданған тұлғалар арасында спорттың дамуына ықпал етіп қана қоймай, қатысушы елдер арасындағы мәдени және достықты қарым қатынасты нығайтады. Барлық спорт жанкүйерлерін және БАҚ өкілдерін ұлттық құраманы бірге қолдауға шақырамыз. Чемпионаттың ашылу күні мен Қазақстанның алғашқы матчы: 2024 жылдың 1 маусымы, сағат 10:00 Өтетін орны: Астана қ., Жекпе-жек сарайы, Қабанбай батыр 53 Аккредитация үшін: 87071455734, Құралай Әшімханова

Related

Астанада сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді · Todayinfo