Оқиға Тілендиев даңғылы бойында болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі жанармай құю станциясына бұрылу кезінде жаяу жүргіншілер өткелімен велосипедпен өтіп бара жатқан баланы байқамай қалған.
Салдарынан жасөспірім жарақат алып, жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін елордада бетон араластырғыш көлік велосипед мінген баланы қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмған еді.




