Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанада жаяу жүргіншілер жолағы опырылып, қыз бала шұңқырға түсіп кетті

Астананың Есіл ауданында орын алған төтенше жағдай қоғамда қызу талқылануда. "Қобыз сарайы" маңындағы жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан қыз бала жер астына опырылып кеткен плиталардың астына түсіп кеткен,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Куәгерлердің айтуын

By Айғаным Нариманова··1 min read
Астанада жаяу жүргіншілер жолағы опырылып, қыз бала шұңқырға түсіп кетті
Астананың Есіл ауданында орын алған төтенше жағдай қоғамда қызу талқылануда. "Қобыз сарайы" маңындағы жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан қыз бала жер астына опырылып кеткен плиталардың астына түсіп кеткен,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Куәгерлердің айтуынша, шұңқырдың тереңдігі бір метрге жуық болған. Оның түбінен су көрінгені де атап өтілген. Ал қыз бала жарақат алып, жылап қалған.
«Астанада бір қыз шұңқырға түсіп кетті. Ол “Қобыз сарайының” жанындағы жаяу жүргіншілер жолымен жүріп бара жатқанда, тас төсеуіш кенеттен опырылып кеткен», – делінген жарияланған жазбада.
Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты өз наразылықтарын ашық білдіріп, жазба астына түрлі пікір қалдырды: «Сол жағалау батпақ үстінде тұр» «Бәрі қалай болса, солай жасалады» «Жер асты сулары, Талдыкөл кек алып жатыр» «Көлдің бетін топырақпен жапқанмен, ол бәрібір тесіп шығатын жер табады»      

Related

Астанада жаяу жүргіншілер жолағы опырылып, қыз бала шұңқырға түсіп кетті · Todayinfo