Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанадағы АҚШ елшілігі көліктерін сатып жатыр: баға 200 теңгеден басталады

АҚШ елшілігі көліктер мен техникаларды аукционға шығарды: баға 200 теңгеден басталады деп хабарлайды Todayinfo.kz TengriAuto.kz-ке сілтеме жасап. АҚШ-тың Астанадағы елшілігі артық мүліктерін сатуға арналған аукцион жариялады. Саудаға екі көлік, кеңсе жабдықтары мен теңіз контейне

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Астанадағы АҚШ елшілігі көліктерін сатып жатыр: баға 200 теңгеден басталады

АҚШ елшілігі көліктер мен техникаларды аукционға шығарды: баға 200 теңгеден басталады
деп хабарлайды Todayinfo.kz TengriAuto.kz-ке сілтеме жасап.

АҚШ-тың Астанадағы елшілігі артық мүліктерін сатуға арналған аукцион жариялады. Саудаға екі көлік, кеңсе жабдықтары мен теңіз контейнерлері қойылған.

Аукциондағы басты лоттар:

🔹 Mitsubishi L200 (2011 ж.):
– автоматты беріліс қорабы,
– дизельді қозғалтқыш,
– жүрісі – 115 820 км.
Қазіргі бағасы – 2 млн теңге, ал нарықтағы құны 4–10 млн теңге аралығында.

🔹 Polaris Ranger 6X6 UTV – алты дөңгелекті жол талғамайтын көлік.
– 760 см³ көлемді қозғалтқышпен жабдықталған,
– жоғары жүк көтергіштікке және өтімділікке ие.
Старттық баға – небәрі 200 теңге.

📦 Сонымен қатар, кеңсе жиһаздары мен теңіз контейнерлері де саудаға қойылған.

Аукцион туралы:
📅 Басталуы: 11 тамыз, сағат 08:00
📅 Аяқталуы: 15 тамыз, сағат 17:00
🌐 Сауда online-auction.state.gov сайтында өтеді.

📝 Қатысу талаптары:
– Жасы 18 жастан жоғары болуы шарт;
– Барлық заттар "қандай күйде болса, сол күйінде" сатылады;
Қайтару немесе кепілдік қарастырылмаған.

🔹 АҚШ елшілігі мұндай сауданы жыл сайын өткізіп тұрады. Бұл – дипломатиялық өкілдіктің қажетсіз болған мүліктерін заңды түрде сатуға арналған әлемдік практика.

Related

Астанадағы АҚШ елшілігі көліктерін сатып жатыр: баға 200 теңгеден басталады · Todayinfo