- Осы тұста маңыздысы: қоғамдық қысымға беріліп, эмоциямен шешім қабылдау емес, тек заңмен дәлелдеу. Айыптаушы ретінде сот тергеуі қылмыстық процесті заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді. Қорғау мен айыптау тарапына өз құқығын қорғауға барлық жағдай жасалды. Басты сот талқылауы ашық жүргізілді. Соттың айыптау үкімін шығаруға толық негіз бар. Айбар Жанболат жасаған қылмыстың ауырлығын, қоғамдық қауіптілігін, жазасын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, жаза тағайындауыңызды сұраймын. Қылмыстық кодекстің 53-бабына сәйкес, жазаны жеңілдететін мән-жай анықталмады. Ал қызына қамқорлық тағайындалған. Қылмыстық кодекстің 53-бабына сәйкес, жазаны ауырлататын мән-жай оның мас күйде болуы. Сөзімді түйіндей келе, сотталушы Жанболатты Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраймын, – дейді прокурор.Мемлекеттік айыптаушы күдіктінің жазасы өтеу орны ретінде қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуді сұрады. 32 жастағы Жетісу облысының тұрғыны Айзат Жұманованы күйеуі ұрып өлтіргені жөнінде биыл маусымда белгілі болған. Сол уақытта марқұмды күйеуі атқа сүйреп өлтірді деген ақпарат тараған. Оқиға Баласаз ауылында болған. Бастапқыда іс қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша қозғалған. Кейіннен жәбірленуші тараптың шағымынан кейін іс 99-баптың 1-бөлігіне қайта сараланған. Бірақ адвокат Арман Шәріпов іс 99-баптың 2-бөлігімен саралануы тиіс деп есептейді.
«Ат құйрығына байланған Айзат»: Жетісуда әйелін өлтірген жауыз күйеу 15 жылға сотталмақ
Талдықорғанда күйеуі «ұрып өлтірген» 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына байланысты сот процесі өтіп жатыр. Сотта мемлекеттік айыптаушы сөйледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Прокурор күдікті Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. - Осы тұс

Талдықорғанда күйеуі «ұрып өлтірген» 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына байланысты сот процесі өтіп жатыр. Сотта мемлекеттік айыптаушы сөйледі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Прокурор күдікті Айбар Жанболатты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·