Todayinfo.kz
NewsView all articles

"Атамекенді" басқарған Баталов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Фото: Atameken.kz "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Райымбек Баталов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Қазақстан Президенті штаттан тыс кеңесші қызметіне Райымбек Баталовты тағайындады.

By Айғаным Нариманова··2 min read
"Атамекенді" басқарған Баталов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Фото: Atameken.kz "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Райымбек Баталов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Қазақстан Президенті штаттан тыс кеңесші қызметіне Райымбек Баталовты тағайындады. Ол кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысады. Бұл ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады. Райымбек Баталов 1970 жылғы 21 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ сәулет-құрылыс академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1990 жылдардың басынан бастап экономика секторында еңбек етті. Әр жылдары металлургия, химия өнеркәсібі, энергетика және агроөнеркәсіп салаларында басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, «Риддер Инвест» металлургиялық кешенін, Жаңа Жамбыл фосфор зауытын, Тобыл элеваторын, Меркі қант зауытын, Шымкент ЖЭО-3 нысанын басқарған. 1992 жылы «Раимбек» сауда фирмасын құрып, кейін ол Raimbek Group атты көпсалалы холдингке айналды. Ол жылдар бойы елдегі іскерлік күн тәртібін қалыптастыруға белсенді араласты: 2002 жылдан – Қазақстан кәсіпкерлері форумының кеңес төрағасы 2005 жылдан – ШЫҰ Іскерлік кеңесінің қазақстандық бөлігінің жетекшісі 2007 жылдан – Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата мүшесі 2009 жылдан – Су асты спорты федерациясының президенті 2010 жылдан – Премьер-министр жанындағы үйлестіру кеңесінің мүшесі 2012 жылдан – ЕЭК консультативтік комитетінің тәуелсіз сарапшысы 2015 жылдан – ENACTUS Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы 2017 жылы – Азия велоспорт конфедерациясының вице-президенті болып сайланды 2022 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП президиумының төрағасы міндетін атқарған, сондай-ақ Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» президиумының төрағасы болған.

Related

"Атамекенді" басқарған Баталов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды · Todayinfo