«Қадірлі ақсақалымыз Әкім Тарази өмірден озды. Қонақасыға, жерлеуге қатысты мәліметтерді қосымша хабарлаймыз», – делінген хабарламада.Әкім Уртайұлы Әшімов (Әкім Тарази) 9 қыркүйек 1933 жылы Алматыда туған. Кеңестік және қазақстандық жазушы, драматург, сценарист. Қазақстанның Еңбек Ері (2021), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999). Қазақстан Республикасының Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы, Луговой (Рысқұлов), Жаңа тұрмыс ауылында бітірген. 1957 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. 1968 жылдан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. 1956 жылдан еңбек жолын бастаған. Жамбыл облысының Шу ауданы мұғалім (1956-58), "Ара" журналында фельетонист (1958-59), "Қазақстан пионері" газетінде жауапты хатшы (1962- 70), "Қазақфильм" киностуциясында сценарийлік редакциялық алқа мүшесі, бас редактор, 1970-71 "Литературная газетаның" Қазақстан бойынша тілшісі, 1971-80 жылдары Қазақстан Кинематографиялық одағы басқармасының 1-хатшысы болды. 1986- 91 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1991-93 жылдары Қазақстан Ресупбликасы Мәдениет министрлігінің кеңесшісі, 1993-95 жылдары "Қаржы-қаражат" журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1995 жылдан Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының доценті. 2009 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры.
Атақты драматург Әкім Тарази өмірден өтті
Белгілі жазушы, драматург Әкім Тарази өмірден озды, деп хабарлайды Todayinfo ҚР Жазушылар одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қадірлі ақсақалымыз Әкім Тарази өмірден озды. Қонақасыға, жерлеуге қатысты мәліметтерді қосымша хабарлаймыз», – делінген хабарламада. Әкім Уртайұл

Белгілі жазушы, драматург Әкім Тарази өмірден озды, деп хабарлайды Todayinfo ҚР Жазушылар одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·