Әлемде ұзақ уақыт іздеуде болған есірткі барондарының бірі – мексикалық Эль Менчо арнайы операция барысында қаза болды, деп Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Euronews мәліметінше, Мексиканың күштік құрылымдары Эль Менчо лақап атымен белгілі Немесио Осегера Сервантесті арнайы операция кезінде көзін жойған. Ол елдегі ең ықпалды наркобарондардың бірі әрі әлем бойынша ең көп іздеуде жүрген қылмыскерлердің қатарында болған. Осыған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті оны ұстауға әкелетін кез келген ақпарат үшін 15 млн доллар көлемінде сыйақы жариялаған еді.
Операцияның нақты мән-жайы жария етілмейді. Анонимді дереккөздердің мәліметінше, наркобарон Халиско штатындағы Пуэрто-Вальярта қаласында блок-бекеттегі көлікті тексеру кезінде қаза тапқан. Оған федералдық полиция мен Мексиканың теңіз жаяу әскері қатысқан.
Эль Менчоның қаза тапқаны туралы хабарлардан кейін кемінде алты штатта тәртіпсіздіктер тіркелді. Халиско штатында төтенше жағдай режимі енгізіліп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «қызыл код» жарияланды, жолдар жабылды.
АҚШ елшілігі Мехикодағы елшілігі Халиско штатында жүрген америкалық азаматтарға қосымша нұсқау берілгенге дейін үйлерінен немесе паналау орындарынан шықпауға кеңес берді.
Эль Менчо 2016 жылы ұсталған Хоакин Гусманнан (Эль Чапо) кейінгі кезеңде Мексикадағы ең ықпалды наркобарон саналған.
Бұған дейін Дональд Трамп мексикалық есірткі картельдеріне қарсы соққы беру жоспары бар екенін мәлімдеген болатын. Осының аясында Мексика үкіметі тыйым салынған заттардың АҚШ-қа тасымалын тоқтатуға ниетті екенін көрсету үшін картельдерге қарсы күресті күшейткен.
Атақты есірткі бароны өлтірілді: Мексиканың 6 штатында қарулы қақтығыс жүріп жатыр (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин Әлемде ұзақ уақыт іздеуде болған есірткі барондарының бірі – мексикалық Эль Менчо арнайы операция барысында қаза болды, деп Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Euronews мәліметінше, Мексиканың күштік құрылымдары Эль Менчо лақап атымен белгілі Немесио Осегера Сер

Фото: Видеодан скрин
Related

World
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

World
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

World
US and Iran Reach 'Principled Deal' on Hormuz Strait: NYT
Todayinfo редакциясы·

World
Decision on Iran: Trump names deadline for resuming military actions
Todayinfo редакциясы·