Атбасарда көлік төрт адамды қағып, олардың барлығы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 12 сәуір, сенбі күні, Mercedes маркалы көліктің қатысуымен болған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Ал Nayza Kokshe басылымының хабарлауынша, апат 1-ықшамауданда болған, зардап шеккендер арасында екі кәмелетке толмаған бала бар.- Жол апаты салдарынан төрт жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.




