Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Атын басқа көшеге ауыстырамыз»: Атырауда Хиуаз Доспанова атындағы көшенің көрінісі елді шошытты

Атырау қаласында Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова атына берілген көшенің қазіргі жағдайы әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Тарихшы Жұмабай Доспанов өзінің Facebook парақшасында бейнеролик жариялап, көшенің нашар күйін сынға алды, деп хабарлайды Todayinfo. “Қазақтың қаһа

By Айғаным Нариманова··2 min read
«Атын басқа көшеге ауыстырамыз»: Атырауда Хиуаз Доспанова атындағы көшенің көрінісі елді шошытты
Атырау қаласында Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова атына берілген көшенің қазіргі жағдайы әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Тарихшы Жұмабай Доспанов өзінің Facebook парақшасында бейнеролик жариялап, көшенің нашар күйін сынға алды, деп хабарлайды Todayinfo.
“Қазақтың қаһарман қызы Хиуаз Доспановаға берілген көшеге барып, көргеніме өзім де сене алмадым. Көше жүруге мүлдем жарамсыз, мұндай масқараны бүкіл республика білуі тиіс”, – деді ол.
Тарихшының айтуынша, бұл мәселеге жергілікті әкімдік пен мәслихат депутаттары назар аудармаған. Ол Хиуаз Доспанованың ерлігі мен тарихи рөліне лайықты құрмет көрсетілмей жатқанын атап өтті.
“Халық Қаһарманы атағын алуына өзім ықпал еттім. Бірақ содан кейін ол кісіге ешкім мән бермей кетті. Атыраулықтар бұл көше туралы жылдан бері шағымданып келеді”, – деді Доспанов.
Атырау қаласы әкімдігі әлеуметтік желідегі жазбаға жауап беріп, Хиуаз Доспанова есімі 2011 жылы бұрынғы “Зелинский” көшесіне берілгенін айтты. Сонымен қатар, көшенің жағдайынан хабардар екендерін, алайда ономастикалық жұмыстардың уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.
“Хиуаз Доспанова есімін басқа көшеге беру мәселесі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қарастырылып жатыр”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова – Ұлы Отан соғысына ұшқыш ретінде қатысқан жалғыз қазақ қызы. Ол Атырау өңірінде дүниеге келіп, майдан даласында 305 әскери тапсырманы орындаған. Жау аймақтарына әуеден бомба тастап, бірнеше рет жарақат алып, кейін мүгедек болып қалған. Соғыстан кейін партия және мемлекеттік қызметте абыроймен еңбек етіп, 37 жасында зейнетке шықты. Батыр қыздың есімін иеленген көшенің қазіргі жағдайы – ел тарихына, ерлікке деген құрметтің көрсеткіші екені сөзсіз. Бұл мәселе тек Атыраудың ғана емес, бүкіл елдің ұятты ісі ретінде қарастырылуы тиіс.

Related

«Атын басқа көшеге ауыстырамыз»: Атырауда Хиуаз Доспанова атындағы көшенің көрінісі елді шошытты · Todayinfo