«Атырау қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты жасалған азғындық әрекеттер бойынша арыз түсірді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді»,- делінген полицияның хабарламасында.
Атырау облысында кәмелетке толмаған қызға өгей әкесі 5 жыл бойы азғындық жасаған
Еркінқала ауылында 43 жастағы ер адам өгей қызына 12 жасынан бастап азғындық көрсетіп келген. Бес жыл өткен соң, қыз 17 жасқа толғаннан кейін нағашы әпкесіне басынан өтіп жатқан жағдайды айтып берген, деп хабарлайды Todayinfo . Қазір полиция осы жайтқа байланысты тергеу әрекеттер

Еркінқала ауылында 43 жастағы ер адам өгей қызына 12 жасынан бастап азғындық көрсетіп келген. Бес жыл өткен соң, қыз 17 жасқа толғаннан кейін нағашы әпкесіне басынан өтіп жатқан жағдайды айтып берген, деп хабарлайды Todayinfo.
Қазір полиция осы жайтқа байланысты тергеу әрекеттерін бастады.
Қыздың туысының сөзінше, қызға өгей әкесі 2018 жылдан бастап тиіскен. Анасы перзентханаға босануға кеткенде қызын күйеуіне тапсырып кеткен. Ер адам қыздың денесіне қол тигізіп, «егер анаңа айтсаң, саған бәрібір сенбейді, сені үйден қуып шығады» деп қорқытқан. Содан кейін бес жыл бойы әйелі үйде жоқ кезде жұмыссыз ер адам өгей қызына жыныстық тиісуін жалғастырып келген.
Жәбірленушінің әпкесінің сөзінше, ол бұрын есірткімен ұсталып, түрмеде отырып келген.
Related

News
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Үшінші жәбірленуші де сотталушыға кешірім берді
Айғаным Нариманова·

News
Арыста 52 жастағы жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді
Айғаным Нариманова·

News
Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады
Жаннұр Еділбаева·

News
В Германии пользователей Facebook оштрафовали за оскорбления канцлера Мерца
Жаннұр Еділбаева·