Атырау облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті
Атырау облысында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталға

Атырау облысында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында өткізілді.
Семинар барысында қатысушыларға темекі шегудің адам ағзасына тигізетін зияны, темекіден бас тарту жолдары және психологиялық қолдау түрлері жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, темекіге тәуелділіктің алдын алу тәсілдері талқыланды.
Аталған шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – мемлекеттік қызметшілердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қоғамға үлгі бола отырып, салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу.
Related

Atyrau Region
Таза Казакстан: В Атырау среди молодежи прошел интеллектуальный конкурс «Eco Quiz»
Жаннұр Еділбаева·

Atyrau Region
Таза Қазақстан: Атырауда жастар арасында «Eco Quiz» интеллектуалдық сайысы өтті
Жаннұр Еділбаева·

Atyrau Region
Atyrau's 'Kazynaly Caspian – 2026' Festival Discusses Future of Fisheries
Todayinfo редакциясы·

Atyrau Region
Азербайджан делает ставку на высокотехнологичную аквакультуру и восстановление икорного экспорта
Todayinfo Admin·