Todayinfo.kz
NewsView all articles

Атырау облысында тағы да дрон бөлшектеріне ұқсас объект табылды

Атырау облысының Құрманғазы ауданында тағы да ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі бөлшектер табылды, деп хабарлайды Todayinfo . Фрагменттер шекараға жақын, далалық жерде табылған. Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, табылған зат бойынша тексеру жұмыстары басталға

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Атырау облысында тағы да дрон бөлшектеріне ұқсас объект табылды

Атырау облысының Құрманғазы ауданында тағы да ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі бөлшектер табылды, деп хабарлайды Todayinfo.

Фрагменттер шекараға жақын, далалық жерде табылған.

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, табылған зат бойынша тексеру жұмыстары басталған.

"Құзырлы органдармен бірлесе отырып, сыртқы келбеті дрон бөлшектеріне ұқсайтын объектіге қатысты тексеру шаралары жүргізілуде. Объект дала аймағынан табылды. Залал мен зардап шеккендер жоқ. Барлық деректер мен мән-жайлар анықталып жатыр", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл өңірдегі бірінші рет болып отырған жағдай емес. 22 маусымда Қоныртерек ауылы маңында да ұшатын аппаратқа ұқсайтын белгісіз зат табылған болатын. Ол кезде облыстық әкімдік оқиға орнына арнайы комиссия жіберілгенін хабарлады.

Фото:freepik

Related

Атырау облысында тағы да дрон бөлшектеріне ұқсас объект табылды · Todayinfo