Атырауда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған ірі логистикалық орталық ашылды
Атырау облысында заманауи агрологистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жоба – ITC WEST логистикалық орталығы өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысып, ұжымды құттықтады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысында заманауи агрологистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жоба – ITC WEST логистикалық орталығы өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысып, ұжымды құттықтады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Көкөніс сақтау қоймасының жалпы аумағы 8 200 шаршы метрді құрайды, мұнда 28 сақтау камерасы орналасқан. Температуралық режим –25 °C-тан +25 °C-қа дейін реттеледі. Сонымен қатар температура мен ылғалдылықты автоматты бақылау жүйелері, заманауи тоңазытқыш қондырғылар, желдету және микроклиматты басқару жүйелері орнатылған. Энергияны үнемдейтін инженерлік шешімдер нысанның үздіксіз әрі үнемді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
- Екі жыл бұрын облыс тұрғындары үшін негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендетуге бағытталған логистикалық орталықтың құрылысы басталды. А санатындағы қоймалар мен теміржол тармағы салынды, бұл өнімнің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет пен облыстық әкімдіктің қолдауымен 15,5 мың тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасы бой көтерді.
Орталықта Батыс Қазақстандағы бірегей бананнып пісіп-жетілуін қамтамасыз ететін камерасы іске қосылды. Тұтынушылардан түскен сұранысқа қарай банандарды кезең-кезеңімен пісіріп, нарыққа шығару мүмкіндігі бар,- деді орталық басшысы Бауржан Жолмұханов.
Логистикалық орталықтың жалпы аумағы 30 гектарды құрайды. Нысан қолайлы жерде орналасқан, 5 теміржол тармағы, контейнерлік алаң, өзіндік автопарк, А санатындағы қоймалар (5 400 м²), өндірістік кешендер және көкөніс сақтау қоймасынан тұрады.
Related

News
Незаконная добыча недр и нарушения миграционного законодательства: в Туркестанской области выявили 12 иностранцев
Жаннұр Еділбаева·

News
Түркістанда жалған қожалықтың иелері жоқ мүлікті кепілге қойып, 3 миллиард теңге несие алған
Айғаным Нариманова·

News
В Туркестане осудили 27 участников ОПГ за хищение более 3 млрд тенге
Жаннұр Еділбаева·

News
Более 112 тонн ГСМ пытались незаконно вывезти из Казахстана с начала июля
Жаннұр Еділбаева·