Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Атырауда балаларына алимент төлемеген 30 борышкер қамалды

Атырауда балаларына алимент төлемей жүрген 47 борышкер анықталған. Оның ішінде 30 борышкерге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. «Борышкерлерге қатысты іс құжаттары сотқа жолданды. Соттың шешімімен 17 борышкерге айыппұл салынды. Ал, 30 борышкерге қамауға алу түріндег

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Атырауда балаларына алимент төлемеген 30 борышкер қамалды
Атырауда балаларына алимент төлемей жүрген 47 борышкер анықталған. Оның ішінде 30 борышкерге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
«Борышкерлерге қатысты іс құжаттары сотқа жолданды. Соттың шешімімен 17 борышкерге айыппұл салынды. Ал, 30 борышкерге қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Әлеуметтік маңызы бар алименті бар борышкерлерге түсінік жұмысы жүргізілді. Борышкер алиментті өндіру туралы атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін аталған кодекстің 669-бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жуапкершілікке тартылады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Атырау облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мемлекеттік сот орындаушылары 47 борышкерге Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 669-бабымен хаттама толтырған.

 

Related

Атырауда балаларына алимент төлемеген 30 борышкер қамалды · Todayinfo