Todayinfo.kz
ОқиғаларView all articles

Атырауда бассейндегі хлордан 14 бала уланып қалды

Фото: Pixabay 13 шілдеде Атыраудағы бассейндердің бірінде шомылған адамдардың денсаулығы сыр берді, олар хлордан уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Медициналық көмекке 14 адам жүгінген. "Ауруханаға 3 адам жатқызылған, олардың жағдайы тұрақты. Қалған т

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Атырауда бассейндегі хлордан 14 бала уланып қалды
Фото: Pixabay
13 шілдеде Атыраудағы бассейндердің бірінде шомылған адамдардың денсаулығы сыр берді, олар хлордан уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Медициналық көмекке 14 адам жүгінген.
"Ауруханаға 3 адам жатқызылған, олардың жағдайы тұрақты. Қалған тұрғындар дәрігерлердің бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, ауа мен судан сынама алынды. Хлор буы шекті мөлшерден аспаған, зертханалық талдау жұмыстары жалғасып жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр. Облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккендердің жағдайын бақылауда ұстауды міндеттеді. Бұған қоса, өңірдегі бассейндер мен аквапарктерді тексеруге тапсырма берілді.

Related

Атырауда бассейндегі хлордан 14 бала уланып қалды · Todayinfo