Todayinfo.kz
NewsView all articles

Атырауда бүтін бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылынан шыққан ерлі-зайыпты мен олардың 33 және 35 жастағы ересек балалары бір айдан астам уақыттан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Атырау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші

By Айғаным Нариманова··1 min read
Атырауда бүтін бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылынан шыққан ерлі-зайыпты мен олардың 33 және 35 жастағы ересек балалары бір айдан астам уақыттан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Атырау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құттыбай Садықовтың айтуынша, барлық медициналық мекеме, соның ішінде жекеменшік клиникалар да тексеріліп жатыр.
"Із-түссіз жоғалған азаматтардың ұялы телефондары Қазақстан аумағында бірнеше рет қосылып-өшірілген, соңғы рет Шымкент қаласында тіркелген. Оларды іздеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, ішкі істер министрлігінің сарапшылары тартылған", – деді Құттыбай Садықов.
Садықовтың сөзінше, екі немесе одан да көп адамның хабар-ошарсыз кетуі жағдайында қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қаралады. Полиция тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады, өйткені жалған мәліметтер тергеу жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін.

Related

Атырауда бүтін бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды · Todayinfo