Todayinfo.kz
NewsView all articles

Атырауда із-түссіз жоғалып кеткен отбасының қызы да күдікті деп танылды

Атырауда жоғалып кеткен отбасының қызына да “күдікті” мәртебесі берілді. Бұған дейін әйел адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Бұл ақпаратты Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов айтты. Оның сөзінше, отбасының қызы м

By Айғаным Нариманова··1 min read
Атырауда із-түссіз жоғалып кеткен отбасының қызы да күдікті деп танылды
Атырауда жоғалып кеткен отбасының қызына да “күдікті” мәртебесі берілді. Бұған дейін әйел адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Бұл ақпаратты Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов айтты. Оның сөзінше, отбасының қызы мен жолдасы жақында Индонезиядан елге қайтарылады.
“Ол жұбайымен бірге жақын арада Индонезиядан Қазақстанға қайтарылады. Экстрадициялау (елге қайтару) рәсімі екі елдің құзырлы органдарының қатысуымен жүргізіліп жатыр. Ал жоғалып кеткен отбасының басқа мүшелерінің тағдыры әлі белгісіз. Оларды іздеу жұмыстары Атырау облысында құрылған арнайы топтың күшімен жалғасып жатыр”, – деді вице-министр.

Related

Атырауда із-түссіз жоғалып кеткен отбасының қызы да күдікті деп танылды · Todayinfo