Todayinfo.kz
Atyrau RegionView all articles

Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты

фото: "Атырау-Ақпарат" медиахолдингі 25 қазан күні Атырау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Республика күніне арналған Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Мемлекеттік гимн орындалуымен биіктігі 91 метр болатын тұғ

By Айғаным Нариманова··2 min read
Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты
фото: "Атырау-Ақпарат" медиахолдингі 25 қазан күні Атырау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Республика күніне арналған Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Мемлекеттік гимн орындалуымен биіктігі 91 метр болатын тұғырға көк байрақ көтеріліп, аспан астында байрағымыз желбіреді. Ұлттық мереке шарасына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, мемлекеттік және аймақтық мекемелердің өкілдері, спортшылар, әскери қызметкерлер және қала тұрғындары қатысты. Жалпы, іс-шараға 600-ден астам атыраулық жиналды. Шара соңында жергілікті өнерпаздар «Көк тудың желбірегені», «Сүйемін, Қазақстан» әндерін орындап, халыққа ерекше патриоттық көңіл-күй сыйлады.

Related

Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты · Todayinfo