Атырауда рухани құндылық пен отбасы тәрбиесі тақырыбында тағылымды кездесу өтті
Атыраулықтар «Отбасы институтын дамыту» жобасы аясында қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазымен кездесті. «Отбасы берекесі» тақырыбында өткен кездесу – жас отбасылар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеп, сыйластық пен өзара түсіністік мә

Атыраулықтар «Отбасы институтын дамыту» жобасы аясында қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазымен кездесті.
«Отбасы берекесі» тақырыбында өткен кездесу – жас отбасылар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеп, сыйластық пен өзара түсіністік мәдениетін нығайту, берекелі өмірдің мәнін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Оразкүл Асанғазы қатысушылармен еркін форматта пікір алмасып, отбасылық береке мен татулықтың маңызы туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, жастарға өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтіріп, ұлттық тәрбие мен рухани бірліктің отбасындағы рөліне тоқталды.
Тағылымды кездесуге 200-ге жуық адам қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар өз сауалдарын қойып, жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, іс-шара Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұсынысымен, облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Жаныңдамын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.
Related

Atyrau Region
Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті
Жаннұр Еділбаева·

Atyrau Region
Атырауда ауқымды «ШеберFEST - 2026» атты Халықаралық фестиваль өтеді
Todayinfo редакциясы·

Atyrau Region
Atyrau Commemorates Victory Day: Wreaths Laid at the Eternal Flame
Todayinfo редакциясы·

Atyrau Region
Kenjebai Madenov Awarded "Halyk Kaharmany" Title: Solemn Welcome in Atyrau
Todayinfo редакциясы·