Атыраулық ер адам әйелін қызғанып, оқтаумен ұрып өлтірді
Фото: pexel Атырауда әйелін оқтаумен басынан бірнеше рет ұрып өлтірген 41 жастағы адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Үкімді Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Тыны

Фото: pexel
Атырауда әйелін оқтаумен басынан бірнеше рет ұрып өлтірген 41 жастағы адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Үкімді Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Тыныштық Нуримова оқыды.
Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 бөлігі «Адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату» бойынша кінәлі деп танылды.
Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Жаза өтеу мерзімі 2025 жылдың 19 тамызынан есептеледі. Уақытша ұстау изоляторында отырған әр күні жазасын өтеу кезінде 1,5 күн болып есептеледі.
Айыпталушы соңғы сөзінде марқұмның ата-анасынан, жақындарынан және туған 2 қызынан кешірім сұрады. Бұл іске қатты өкінетінін жеткізді.
Оқиға осы жылдың 19 тамызында болған. Ерлі-зайыпты ішімдік ішіп, кейін жанжалдасқан. Ер адам әйеліне қызғаныш сезімін білдіріп, ас үйдегі оқтаумен аяусыз ұрып тастаған. 40 жастағы келіншек есін жимастан қайтыс болды. Осы жағдай кезінде отбасыдағы кішкентай 2 қыз жатын бөлмеде ұйықтап жатқан.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·