Australian Open: Елена Рыбакина екінші рет чемпиондық атаққа таласады
Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда ол америкалық теннисші Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Теннисшілер кортта 1 сағат 42 минут өткізді. Финалда Рыбакина әлемнің бірінші рак

Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда ол америкалық теннисші Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Теннисшілер кортта 1 сағат 42 минут өткізді.
Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Ол жартылай финалда украиналық Элина Свитолинаны жеңген болатын. Финалдық кездесу 31 қаңтар күні Қазақстан уақытымен 13:30-да басталады.
Айта кетейік, Australian Open-2026 турнирі 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтуде. Турнирдің жалпы жүлде қоры 74,9 миллион АҚШ доллары. Ал жекелей сынның жеңімпазы 2 793 365 доллар сыйақы және 2000 рейтингтік ұпай алады.
Related

Sport
Шавкат Рахмоновтың тәлімгері оның UFC-ге қашан оралатынын айтты
Айғаным Нариманова·

Sport
Как чиновники и спортивные дельцы уничтожают сильнейшую сборную мира по ММА
Айдар Керім·

Sport
В Астане пройдет турнир по Dota 2 с призовым фондом в 1 млн долларов
Айдар Керім·

Sport
«Жасың келді»: Назым Қызайбай туыстары өзінің әбден мазасын алғанын айтты
Айдар Керім·