- Ұлттық жоба аясында жоспарланған 18 нысанның 15-і толық аяқталды. Қалған үш нысанда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылындағы ФАП 85% дайын ал, Қызылқоға ауданындағы Жамансор және Жантерек ауылдарындағы медициналық пункттердің құрылысы 50%-ға орындалды, - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайнов.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»: Атырауда 15 медициналық нысанның құрылысы аяқталды
Атырау облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 6 фельдшерлік-акушерлік пункт және бір дәрігерлік амбулатория мен 11 медициналық пункт салу жоспарланған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі. Олардың ішінде 2023 жылы 2 медициналық пункт жә

Атырау облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 6 фельдшерлік-акушерлік пункт және бір дәрігерлік амбулатория мен 11 медициналық пункт салу жоспарланған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Олардың ішінде 2023 жылы 2 медициналық пункт және 1 ФАП пайдалануға берілді. 2024 жылдың желтоқсанында Индер ауданының Есбол ауылына дәрігерлік амбулатория, Исатай ауданы Жасқайрат ауылына және Құрманғазы ауданындағы Азғыр, Жасталап, Батырбек, Қоңыртерек, Афанасьева ауылдарына медициналық пункт, сондай-ақ Кудряшов пен Арна ауылына ФАП салынды. Қазыр Құрманғазы ауданының Жалғызапан, Жамбыл және Әліпова ауылындағы нысандарды теңгерімге беру жұмыстары жүргізілуде.
Related

Atyrau Region
Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті
Жаннұр Еділбаева·

Atyrau Region
Атырауда ауқымды «ШеберFEST - 2026» атты Халықаралық фестиваль өтеді
Todayinfo редакциясы·

Atyrau Region
Atyrau Commemorates Victory Day: Wreaths Laid at the Eternal Flame
Todayinfo редакциясы·

Atyrau Region
Kenjebai Madenov Awarded "Halyk Kaharmany" Title: Solemn Welcome in Atyrau
Todayinfo редакциясы·