«Аяғым ауыр»: ойнастан опық жеген жігіт 1,5 млн теңгесінен айырылды
Ақмола облысында жігіт үйленбек болған сүйіктісіне 1,5 миллион теңгеден астам қаржы мен алтын бұйымдар сыйлаған, алайда «қалыңдық» ақшаны алған соң ізін суытқан. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. 28 жастағы жәбірленушінің айтуынша, ол болашақ «жарымен» әлеуме

Ақмола облысында жігіт үйленбек болған сүйіктісіне 1,5 миллион теңгеден астам қаржы мен алтын бұйымдар сыйлаған, алайда «қалыңдық» ақшаны алған соң ізін суытқан. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
28 жастағы жәбірленушінің айтуынша, ол болашақ «жарымен» әлеуметтік желіде танысқан. Көп ұзамай екеуі Қосшы қаласында бірге тұра бастаған. Әйел өзінің жүкті екенін айтқан соң, олар үйленуге шешім қабылдайды.
Жігіт қалыңдығын ата-анасымен таныстырған, бірақ әйел өз туыстарымен кездестіруге асықпаған. Ол өзін Шымкент қаласының тумасымын деп таныстырған. Күйеу жігіттің ата-анасы келініне 950 мың теңге қалыңмал беріп, қосымша 600 мың теңгеден асатын алтын бұйымдар сыйлаған.
Алайда көп ұзамай «қалыңдық» ақша мен алтынды алып, ғайып болған. Кейін белгілі болғандай, ол бұрын тұрмыста болған, тіпті үш баласы бар болып шықты.
Алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға арызданды. Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Related

News
Мангистауские мечети могут стать новым объектом Всемирного наследия ЮНЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

News
Алматы – главное гастрономическое направление 2026 года
Жаннұр Еділбаева·

News
Алматы – 2026 жылдың басты гастрономиялық бағыты
Жаннұр Еділбаева·