Астанада өткен «Әділет» партиясының құрылтай съезінде партияның төрағасы  болып Айбек Дәдебай сайланды.

Айбек Дәдебай бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әкімшілігін басқарған болатын. Съезд барысында Мемлекет басшысы оған атқарған еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, Президент Әкімшілігіндегі қызметін жоғары бағалады.

Айбек Дәдебай 1980 жылдың 1 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдап, аймақтану саласы бойынша магистр дәрежесін алған.

Ол Сенат аппаратында парламентаралық байланыстар мен халықаралық ынтымақтастық бағыты бойынша сарапшы, кейін Сенат төрағасының міндетін атқарушы көмекшісі қызметтерін атқарды.

2019 жылы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалып, кейін Президент іс басқару құрылымында жауапты қызметтер атқарды.

2024 жылдан бастап Президент Әкімшілігінің басшысы лауазымында еңбек етті.