Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Бадықованың бағы мен Жылқышыбайдың жыры»: Айгүл Орынбек пен Инга Иманбай соттасып жатыр

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек журналист Инга Иманбаймен арадағы сот дауына қатысты пікір білдірді. Ол бұл істің сөз бостандығы мен жеке өмір құқығының ара-жігін ажыратуға қатысты маңызды екенін атап өтті. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабар

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Бадықованың бағы мен Жылқышыбайдың жыры»: Айгүл Орынбек пен Инга Иманбай соттасып жатыр

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек журналист Инга Иманбаймен арадағы сот дауына қатысты пікір білдірді. Ол бұл істің сөз бостандығы мен жеке өмір құқығының ара-жігін ажыратуға қатысты маңызды екенін атап өтті. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Айгүл Орынбектің айтуынша, адамның ар-намысы, іскерлік беделі мен отбасылық құпиясын көпшілік алдында таптау сөз бостандығына жатпайды.

«Адамның ар-намысы, іскерлік беделі және отбасылық құпиясын жұрт алдында таптау — бұл сөз бостандығы емес», — деді Айгүл Орынбек.

Оның сөзінше, соңғы уақытта кейбір ақпарат құралдары «журналистиканы» өсек пен төсек әңгімесіне айналдырып алған.

«Сөз бостандығын желеу етіп, кім кіммен, қанша рет төсектес болғанын, одан ләззат алған-алмағанын жазу — журналистика емес. Мұндайды “қоғамдық мүдде” деп ұсыну — арзан сенсация ғана», — деді ол.

Белсенді бұл құбылысты құқықтық мемлекетке тән емес әрекет деп бағалады.

«Өкінішке қарай, кейбір БАҚ ақпарат алаңын порно алаңына айналдырып алды. Құқықтық мемлекетте мұндай әрекеттерге міндетті түрде құқықтық баға берілуі тиіс», — деді Айгүл Орынбек.

Сонымен қатар ол Дариға Бадықоваға қатысты іске де тоқталып өтті.

«Бұл іс бойынша менің командам жеңілді деу әлі ерте. Қолымызда заңды күшіне енген сот шешімі жоқ. Апелляциялық саты аяқталмай жатып “жеңдік” деп жариялау — құқықтық мәдениеттің төмендігін көрсетеді», — деді заңгер.

Айгүл Орынбектің пікірінше, заңды күшіне енбеген шешімді қоғамға «жеңіс» ретінде ұсыну сотқа жанама қысым жасау болып саналады.

«Сот актісі заңды күшіне енбей тұрып жеңіс туралы айту — процессуалдық әдепке қайшы. Бұл — заңды білмеу немесе біле тұра елемеу», — деді ол.

Белсенді сөз бостандығы ұғымының шегін де нақтылап өтті.

«Сонда бізде сөз бостандығы деген — кез келген адамның отбасылық өмірін ел алдына жайып салу ма? Ерлі-зайыптылар арасындағы құпия — заңмен қорғалатын жеке өмір», — деді Айгүл Орынбек.

Оның айтуынша, құқықтық мемлекет эмоциямен емес, заңмен өмір сүруі тиіс.

«Құқықтық мемлекетте соңғы нүктені тек заңды күшіне енген сот шешімі ғана қояды. Жаңа Конституция бізге дәл осындай жағдайлар үшін керек», — деп түйіндеді ол.

Related

«Бадықованың бағы мен Жылқышыбайдың жыры»: Айгүл Орынбек пен Инга Иманбай соттасып жатыр · Todayinfo