Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Бәйтерек» сыртқы нарықтан қаржы тартпақ

"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі еурооблигациялар шығару арқылы 500 миллион доллар тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл – қолданыстағы қарыз алу бағдарламасы аясындағы төртінші орналастыру. Облигациялар доллармен номинацияланады

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Бәйтерек» сыртқы нарықтан қаржы тартпақ
"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі еурооблигациялар шығару арқылы 500 миллион доллар тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл – қолданыстағы қарыз алу бағдарламасы аясындағы төртінші орналастыру. Облигациялар доллармен номинацияланады — әрқайсысы 1000 доллардан. Жалпы саны 500 мың бағалы қағаз шығару көзделген. Бұл — классикалық купондық облигациялар, яғни инвесторларға пайыздар тұрақты түрде төленіп отырады. Маңызды тұсы — облигациялар қамтамасыз етілмеген. Яғни қаржы холдингтің беделі мен қарызды қайтару қабілетіне деген сенім негізінде тартылады. Осылайша, холдингтің 2025 жылғы наурызда уәде еткен экономиканың нақты секторын несиелеуге арналған 8 триллион теңгені қайдан алатыны айқындала түседі.

Related

«Бәйтерек» сыртқы нарықтан қаржы тартпақ · Todayinfo