“Бәрі жақсы”, – деп жазған ол.Айта кетейік, бұған дейін миллион аудиториясы бар қазақстандық блогерге іздеу жарияланғаны хабарланған еді. Ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған. Мәліметке сәйкес, 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Қайсар Бақытжанұлына іздеу 10 қаңтарда тіркелген. Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша өзге ақпарат жарияланған жоқ. Айта кетейік, блогердің Instagram желісінде 2,4 миллионнан астам, ал TikTok-та 340 мыңнан аса жазылушысы бар. Ол контентін көбіне Қазақстаннан тыс жерде жүріп жариялайды. Қайсар Камза өзін тревел-блогер ретінде таныстырады, сондай-ақ қазақстандық кино жобаларға да қатысқан. Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның Үндістанға сапары кезінде түсірілген видеолары кеңінен талқыланған. Кадрларда блогердің балағат сөздер қолданғаны және жергілікті тұрғындарға агрессивті мінез көрсеткені байқалып, бұл пікірталас тудырған. Сонымен қатар Қайсар Камзаның аты бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында аталған. Ол кезде ведомство заңсыз онлайн құмар ойындарын жарнамалауға қатысы бар 34 блогерді анықтағанын мәлімдеген еді.
«Бәрі жақсы»: Іздеу жарияланған танымал блогер Қайсар Қамза желіде жазба жариялады
Фото: https://www.instagram.com/qais_arr Екі күн бұрын іздеу жарияланған танымал қазақстандық блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желідегі парақшасына сурет жүктеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Блогер тамақтанып отырған сәтінің суретін жариялаған. Сондай-ақ кад

Фото: https://www.instagram.com/qais_arr
Екі күн бұрын іздеу жарияланған танымал қазақстандық блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желідегі парақшасына сурет жүктеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Блогер тамақтанып отырған сәтінің суретін жариялаған. Сондай-ақ кадрдан оның ішімдік ішіп отырғанын байқауға болады.
Related

Шоу бизнес
Қазақша сөйлеңдер: Динара Сәтжанмен соттасып жатқан Бағдагүл емшіге судьяға айқайлап, айыппұл алды
Айдар Керім·

Шоу бизнес
«Уақытша..»: Айгүл Иманбаева екінші күйеуінен бөлек кетті
Айдар Керім·

Шоу бизнес
Әнші Ғалымжан Сүлейменді соққыға жығу ісі: Мұқасан Шахзадаевтың әкімшісі сотталды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
Астанада сот басталды: Динара Сәтжан ақтөбелік Бағдагүл емшіні соттататын болды
Айдар Керім·