Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

«Бәрін айтамын, құқығым бар»: Роза Рымбаева өзін сахнадан шеттеткен министр мен әкім туралы

Фото: Sputnik / Виктор Толочко Қазақ ән өнерінің падишасы, сахна саңлағы Роза Рымбаева Тимур Балымбетовке сұхбат беріп, өзін сахнадан шеттеткен министр туралы айтты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Тимур Балымбетов Роза Рымбаеваның сахнадағы шығармашыл

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Бәрін айтамын, құқығым бар»: Роза Рымбаева өзін сахнадан шеттеткен министр мен әкім туралы
Фото: Sputnik / Виктор Толочко Қазақ ән өнерінің падишасы, сахна саңлағы Роза Рымбаева Тимур Балымбетовке сұхбат беріп, өзін сахнадан шеттеткен министр туралы айтты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Тимур Балымбетов Роза Рымбаеваның сахнадағы шығармашылығына 50 жыл толуына орай, деректі фильм түсірген.
«Иә, ондай министр болды. Мен кейбір нәрселерге бей-жай қарай алмаймын. Мәселен ол жерде әділетсіз болса, көз жұма қарай алмаймын. Мен үлкен адаммын, кішкентай қыз емеспін ғой. Менің сахнада жүргеніме 50 жыл болды, жасым туралы айтпай-ақ қояйын. Мен өз жолымды тапқан ересек адам ретінде оған құқығым бар деп есептеймін. Неге мен өз пікірімді айтпай, бұғып қалуым мүмкін? Неге мен айтпауым керек? Мен ешкімді сырттай жамандап жатқаным жоқ, бәрін бетке айтамын, ондай адам ешкімге ұнамайды», — деді ол.

Related

«Бәрін айтамын, құқығым бар»: Роза Рымбаева өзін сахнадан шеттеткен министр мен әкім туралы · Todayinfo