Бағанашылдағы балалар үйінен қашып кеткен қыздар табылды, деп хабарлайды Todayinfo.
«Алматы қаласындағы балалар мекемесінің бірінен өз бетімен кеткен екі кәмелетке толмаған тәрбиеленуші криминалдық полиция қызметкерлерімен табылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қыздар Алматы облысы аумағында анықталды. Қазіргі уақытта екеуі де жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін Бостандық аудандық полиция Басқармасына жеткізілді»,- делінген ПД түсініктемесінде.
Еске салсақ, кәмелетке толмаған қос қыз 18 шілдеден бері байланысқа шықпаған. Олар бұрын да бірнеше рет мекемеден қашып кеткен.




