Todayinfo.kz
NewsView all articles

Байзақтағы бассыздық: Жамбыл облысында қылмысты жасырған лауазымды полицейдің өзі қамауға алынды

Жамбыл облысында ауыр қылмысты жасырды деген күдікпен жоғары шенді полиция қызметкері қамалды, деп хабарлайды Todayinfo. Cотқа дейінгі тергеп-тексеру Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты жүргізіліп жатыр.  Қылмысты жасыру аудан аумағында болған 10 700

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Байзақтағы бассыздық: Жамбыл облысында қылмысты жасырған лауазымды полицейдің өзі қамауға алынды
Жамбыл облысында ауыр қылмысты жасырды деген күдікпен жоғары шенді полиция қызметкері қамалды, деп хабарлайды Todayinfo. Cотқа дейінгі тергеп-тексеру Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты жүргізіліп жатыр. 
Қылмысты жасыру аудан аумағында болған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған. Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру). Хабарламада күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарының тәртібімен ұсталып, оған қатысты сотпен "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғаны жазылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.  

Related

Байзақтағы бассыздық: Жамбыл облысында қылмысты жасырған лауазымды полицейдің өзі қамауға алынды · Todayinfo