Алматы облысында балаларды қолдау орталығы нанды 354 теңгеден сатып алып отырған
Алматы облысында балаларды қолдау орталығы басшысының жымысқы әрекеті белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде.

Алматы облысында балаларды қолдау орталығы басшысының жымысқы әрекеті белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде.
Жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген.
Сондай-ақ ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майын - 63% (600 тг/л алып, 977 тг/л сатқан), қантты – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету жолымен қайта қаралды.
Сондай-ақ Агенттік қабылдаған шаралар нәтижесінде өңірдің бірқатар балабақшасы жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты.
Related

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·