Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Баланың ата-анасы жауапқа тартылды, іс қозғалды»: Іле ауданында балаларды қорлаған оқушы туралы

Іле ауданында мектеп дәретханасында балаларды ұрған оқушыға байланысты шара қолданылды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұған дейін даладағы мектеп дәретханасында оқушыларды қаз-қатар тізіп қойып, оларды аяусыз ұрғылаған баланың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Полицияның дер

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Баланың ата-анасы жауапқа тартылды, іс қозғалды»: Іле ауданында балаларды қорлаған оқушы туралы
Іле ауданында мектеп дәретханасында балаларды ұрған оқушыға байланысты шара қолданылды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұған дейін даладағы мектеп дәретханасында оқушыларды қаз-қатар тізіп қойып, оларды аяусыз ұрғылаған баланың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Полицияның дерегінше, оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылында болған.
«Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін құқық бұзушы жасөспірімнің және оқиғаны бейнетаспаға түсірген мектеп оқушысының заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылды», - делінген полиция таратқан хабарламада.
Фото: скрин

Related

«Баланың ата-анасы жауапқа тартылды, іс қозғалды»: Іле ауданында балаларды қорлаған оқушы туралы · Todayinfo