Todayinfo.kz
NewsView all articles

Балға мен сенім: Халық емшісінің «әдісі» әйелді мүгедек қыла жаздады

Шымкент қаласында бел ауруына шағымданған әйел дәрігерлердің ескертуіне қарамастан, хирургиялық отадан бас тартып, әлеуметтік желі арқылы тапқан халық емшісінің көмегіне жүгінген. Алайда бұл шешім оның өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндірді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат а

By Айғаным Нариманова··1 min read
Балға мен сенім: Халық емшісінің «әдісі» әйелді мүгедек қыла жаздады
Шымкент қаласында бел ауруына шағымданған әйел дәрігерлердің ескертуіне қарамастан, хирургиялық отадан бас тартып, әлеуметтік желі арқылы тапқан халық емшісінің көмегіне жүгінген. Алайда бұл шешім оның өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндірді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі жазды. «Отырар» телеарнасының хабарлауынша, емші әйелді төсекке жатқызып, арқасына балғамен соққы жасай бастаған. Нәтижесінде әйел аяқтарын сезбей қалған.
«Бұл науқас ауыр хәлде түсті. Өз айтуынша, халық емшісі оны төсекке жатқызып, арқасынан балғамен ұра бастаған. Кенеттен аяқтарын сезбей қалған. Біз тексеру жүргіздік. Анықталғандай, омыртқасы сынған, жұлын зақымданған», – деді Шымкенттегі №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позылов.
Абырой болғанда, кәсіби дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп, әйелді емдеп, жағдайын тұрақтандырған. Бірақ мұндай жағдайлар халық емшілерінің қауіпті әрекеттері жайлы тағы да дабыл қағуға себеп болды.
 «Қазір өзін емшімін деп жариялап жүрген кей адамдар өте қауіпті әдістерді қолданады. Белден ұрады, үстіне шығып секіреді, мойнын бұрайды. Бұлардың бәрі адам өміріне тікелей қауіп төндіреді. Алдымен заманауи диагностика қажет. Бізде рентген, МРТ бар – соны пайдаланған жөн», – деп ескертті Позылов.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда дәстүрлі емес медицина практиктері үшін лицензиялау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Бас прокуратура 2021 жылдан бері халық емшілерін тексермегені белгілі болды.    

Related

Балға мен сенім: Халық емшісінің «әдісі» әйелді мүгедек қыла жаздады · Todayinfo