Todayinfo.kz
NewsView all articles

Бали аралындағы қонақ үйден бизнес-коучтың мәйіті табылды

Индонезияның Бали аралындағы Солтүстік Кута аймағында орналасқан қонақүйден Ресей азаматы, 28 жастағы Артём А.-ның мәйіті табылды. Бұл туралы SHOT басылымы хабарлады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қонақүй қызметкерлері бірнеше күн бойы туристтің бөлмесінен шықпай

By Айғаным Нариманова··1 min read
Бали аралындағы қонақ үйден бизнес-коучтың мәйіті табылды
Индонезияның Бали аралындағы Солтүстік Кута аймағында орналасқан қонақүйден Ресей азаматы, 28 жастағы Артём А.-ның мәйіті табылды. Бұл туралы SHOT басылымы хабарлады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қонақүй қызметкерлері бірнеше күн бойы туристтің бөлмесінен шықпай қойғанына алаңдап, оның жағдайын тексеруге шешім қабылдаған. Қызметкердің бірі бөлмеге терезе арқылы қарап, еденде қозғалыссыз жатқан адамның суретін түсіріп, бірден полицияға хабарлаған. Полиция есікті бұзып кірген кезде, Артёмнің мойнына белдік оралған, ал басы полиэтилен пакетпен қапталған күйде еденде жатқанын анықтады. Сондай-ақ, қол-аяғы мен бетінде жарақат іздері, ал мұрны мен аузынан қан аққаны тіркелген. Медициналық сарапшылардың алдын ала қорытындысы бойынша, оның қайтыс болғанына шамамен 12 сағат болған. Қазіргі таңда жергілікті полиция органдары бұл өлімнің мән-жайын тергеп жатыр. Марқұмның мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, Артём өзін бизнес-психолог, коуч және кәсіпкер ретінде таныстырған. Оның парақшаларында «Өміріңнің әр күнін ләззатпен өткіз» деген ұран жиі қолданылған.

Related

Бали аралындағы қонақ үйден бизнес-коучтың мәйіті табылды · Todayinfo