«Мұның бәрін еріккеннен істеп жатқан жоқпын. Өйткені балалар қолайлы жағдайда жаттығуы керек. Кішкентай ғана жуынатын бөлмені жөндеуге үш ай керек пе? Кейбір әріптестеріміз оны бастамаған да. Оны да білемін», – деді Бақтияр Артаев.Артаев мәлімдемесінде берілген тапсырманы орындамаған мекеме басшыларын қызметінен босату туралы нақты тапсырма бергенін айтты. «Кім жұмысты бастаған жоқ, жұмыстан кету туралы арыз жазсын. Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін. Бұл – менің жеке талабым емес, бұл – балалар үшін», – деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, тапсырманы толық емес деңгейде орындаған басшыларға да ұйымдастыру шаралары қолданылатынын атап өтті.
Бақтияр Артаев тапсырманы орындамаған спорт мекемелері басшыларына қатаң ескерту жасады
Қызылорда облыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев қарамағындағы бірқатар спорт мекемелері басшыларының тапсырмаға салғырт қарағанын сынға алды. Бұл туралы басқарма басшысы қатысқан жиында белгілі болды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Оның айтуынша, кейб

Қызылорда облыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев қарамағындағы бірқатар спорт мекемелері басшыларының тапсырмаға салғырт қарағанын сынға алды. Бұл туралы басқарма басшысы қатысқан жиында белгілі болды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Оның айтуынша, кейбір мекеме директорлары қарапайым жуынатын бөлмелерді жөндеу жұмыстарын үш ай ішінде аяқтай алмай, тіпті кейбіреулері жұмысты әлі бастамаған.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·