Todayinfo.kz
NewsView all articles

Бас мүфтидің Меккедегі қажыларға арнап жайған дастарханы әлеуметтік желіде сынға да ұшырады.

Әлеуметтік желілерде «Қазақстанның Бас мүфтиі Меккедегі қажыларға ас берді» деген видео кеңінен таралып, көпшіліктің назарын аударды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Бейнежазбада табиғи шырындар, түрлі тәттілер мен кең жайылған дастархан көрсетілген. Қазақстаннан ба

By Айғаным Нариманова··2 min read
Бас мүфтидің Меккедегі қажыларға арнап жайған дастарханы әлеуметтік желіде сынға да ұшырады.

Әлеуметтік желілерде «Қазақстанның Бас мүфтиі Меккедегі қажыларға ас берді» деген видео кеңінен таралып, көпшіліктің назарын аударды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Бейнежазбада табиғи шырындар, түрлі тәттілер мен кең жайылған дастархан көрсетілген. Қазақстаннан барған қажылардың бірі:
«Зүлхиджа айының 8-інен бастап қажылықты бастаймыз. Бас мүфтиіміздің ұйымдастырып жатқан дастарханы Меккеде жайылды», – деп мүфтиятқа ризашылығын білдірді.

Желі қолданушылары екіге жарылды

Алайда, бұл видео барлығына бірдей ұнамады. Желі қолданушыларының бір бөлігі:

  • *«Арамтамақтар»,
  • «Таза пропаганда»,
  • «Сол жақта біржолата қалып қойсаңдар екен»,
  • «Дүниеге қызықпаңдар деп айтып, өздері ысырап жасап отыр»* деген секілді сыни пікірлер қалдырды.

Кей қолданушылар мұндай ашық көрсетілімнің ысырап пен дін қызметкерлерінің өмір салтына сәйкес келмейтінін алға тартуда.

Ал екінші тарап бұл әрекетті қажыларға құрмет пен қолдау белгісі деп бағалап, мүфтияттың ұйымдастырушылық жұмысына алғыс білдіруде.

@atlastourism
☪️ ҚМДБ ұйымдастыруымен Бас муфти Наурызбай Қажы Тағанұлы Меккеде Қазақстан қажыларына дәстүрлі ас берді Шараға Қазақстанның барлық өңірінен келген қажылар қатысты. Сапар сәтті өтіп, ниет етушілердің амалы қабыл болсын дейміз 🤲 🕋 Қажылық турлары жайлы ақпарат инстаграмда (atlastourism) ♬ original sound - Умра Хадж Мекке Медина

Related

Бас мүфтидің Меккедегі қажыларға арнап жайған дастарханы әлеуметтік желіде сынға да ұшырады. · Todayinfo