Todayinfo.kz
NewsView all articles

Баян Алагөзова Қазақстандағы ең тартымды әйелдердің көшін бастады

Қазақстандағы ең тартымды әрі көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген әйелдердің тізімінде   Баян Алагөзова көш бастады, деп хабарлайды Todayinfo . Продюсер өзінің Instagram Stories парақшасында сауалнама нәтижесінің скриншотын жариялап, жанкүйерлеріне алғыс айтты. «Шын жүрект

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Баян Алагөзова Қазақстандағы ең тартымды әйелдердің көшін бастады

Қазақстандағы ең тартымды әрі көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген әйелдердің тізімінде  Баян Алагөзова көш бастады, деп хабарлайды Todayinfo.

Продюсер өзінің Instagram Stories парақшасында сауалнама нәтижесінің скриншотын жариялап, жанкүйерлеріне алғыс айтты.

«Шын жүректен алғыс айтамын, өте қуаныштымын», – деп жазды ол.

Бұл рейтингті ZimaBlue зерттеу агенттігі дайындаған. Әлеуметтік сауалнама барысында жүздеген қатысушыдан танымал әйелдер туралы пікір алынған. 

ZimaBlue зерттеу агенттігі дайындаған рейтингке сәйкес, еліміздегі ең танымал әйелдер анықталды. Әлеуметтік сауалнама барысында жүздеген адам өз ой-пікірін білдіріп, нәтижесінде бірінші орынды продюсер Баян Алагөзова иеленді, ал қалған үздік ондыққа шоу-бизнес өкілдері енді.

Айта кетейік, сауалнама Instagram, TikTok әлеуметтік желілері мен медиа кеңістіктегі аудитория арасында жүргізілген.

Related

Баян Алагөзова Қазақстандағы ең тартымды әйелдердің көшін бастады · Todayinfo