Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Бес баланы балалар үйіне тапсырған»: Атыраудағы атышулы іске қатысты тың дерек шықты

Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты тың дерек шықты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Бұл жөнінде істі зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Оның айтуынша, басты күдіктінің ата-анасының қа

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Бес баланы балалар үйіне тапсырған»: Атыраудағы атышулы іске қатысты тың дерек шықты
Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты тың дерек шықты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Бұл жөнінде істі зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Оның айтуынша, басты күдіктінің ата-анасының қарауында болған бес бала уақытша балалар үйіне жеткізілген.
«Күдіктінің ата-анасындағы бес баланы бүгін шырылдатып балалар үйіне алып кетіпті. Ертең ресми ақпарат сұраймын. Бұған дейін құзырлы органдар “балалар әзірге ата-әжесінде, жақын туыстарының қасында болады” деген еді», – деп жазды журналист.
Қазіргі таңда аталған ақпаратқа қатысты ресми органдар тарапынан түсініктеме берілген жоқ. Журналист бұл жайтты нақтылау үшін тиісті мекемелерден жауап күтетінін айтты.

Related

«Бес баланы балалар үйіне тапсырған»: Атыраудағы атышулы іске қатысты тың дерек шықты · Todayinfo